Жалпы ауданымыздағы үштілділік бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталар болсам, аудан мектептерінен ЖМБ пәндерін ағылшын тілінде оқыту курсынан 35 мұғалім курстан өтті. Соның ішінде: 9 мұғалім химия, 8 мұғалім биология, 10 мұғалім информатика және 7 мұғалім физика пәндері бойынша және 1 әдіскер өз жұмыстарын бастады. Қазіргі таңда ауданымыздағы 11 мектеп пилоттық жоба аясында жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқытуда В1,В2,С1 деңгейінде меңгерген пән мұғалімдері жұмыс жасап жатыр.
2023 жылы ЖМБ пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша ассоциациясының жылдық жұмыс жоспары құрылды. Жоспардың Мақсаты: CLIL технологиясы бойынша оқушыларды төрт пәнмен (химия,биология,физика,информатика) кіріктіріп оқытып, терминдерді меңгертіп, оқушыларды тілдік және тыңдалым, ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту. Әртүрлі сабақ үлгілері бойынша сабақ өткізіп, мұғалім өз белсенділігін көрсетіп, үштілдік стратегиясын дамытуға үлес қосу барысындағы мұғалімдердің шығармашылық дағдыларын шыңдау. Міндеті: Үштілділік сабақ беру барысында мұғалімдер жоспар бойынша өздері қойылған тақырыпқа байланысты сабақтарын жүйелі түрде өтіп және де бір-бірімен пікір – тәжірибе алмасу. Оқушылардың терең білім алуына өз үлестерін қосу, ғаламтор желілеріне өздерінің еңбектерін бөлісу. Болып бекітілді. Жыл бойына жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді.
Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқыту контексінде еліміздегі ең маңызды тіл – ағылшын тілі болып саналады, ағылшын тілін оқыту үрдісіне кіріктіруді енгізу – ең алдымен, оқушының сабақ үстінде дамуы мен оның психологиялық жағдайын ескере отырып, оқытуды нығайту мүмкіндіктеріне бағытталған. Жалпы білім беретін жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп мұғалімдері үшін, орта білім беру мазмұнын жаңарту негіздерінің бірі, үштілді білім беруде заманауи CLIL әдісін белсенді қолдану өте тиімді. “CLIL әдісі: арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту процесінде пән мен тілді кіріктіре оқыту”.
ЖМБ пәндерін ағылшын тілінде оқытуда белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану оқушылардың сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге құлшындырады. Қарапайым көрсетулер, тәжірибелер оқушыны өз бетімен ізденуге, танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамытуға бағыттайды. Сонымен қатар, алған білімі өмірге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгерілуі қажет екендігі оқушы санасына сіңіріледі. Ең бастысы оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қоры толығады, сөйлеу дағдысы қалыптасады.
Қосымша берілетін терминдер сөздігімен оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қорын қалыптастыру үшін қолданылатын әдіс-тәсілдерін атап көрсетер болсақ: терминдерді есте сақтау үшін «From Start to Finish» ойынын ойнатудың маңызы жоғары. Ойын кезінде оқушылар топтарға бөлініп, физикалық терминдердің қазақша, ағылшынша аудармаларын дұрыс тауып, баспалдақ түрінде орналастыру арқылы есте сақтай алады. «Find the terminology» (терминдерді тап) ойын әдісінде ағылшын әріптерінің орындары ауыстырылып, оқушы дұрыс жазылуын табуы қажет.
«Tarsia» (Тарсия) әдісі арқылы оқушылар ағылшын тіліндегі анықтамаларды оқып, сәйкес орындарға терминдерді қояды. «Matching» (сәйкестендіру) қазақ-ағылшын терминдерінің немесе ережелердің дұрыс сәйкестендірілуіне негізделген. «True and False» (ақиқат және жалған) ойыны барысында оқушылар өздері сұрақ құрастырып, ағылшынша айтылған анықтамасының дұрыс не бұрыстығына байланысты бір-бірінен жауап алады. «Cards» ойын әдісінде таратылып берілген карточкаларға сәйкес қандай тапсырма берілгенін анықтап, аудармасының жауабын табуы тиіс. Individual work «Who you fast?» – үй тапсырмасын сұрауда өткен тақырыптың терминдерін еске қалдыру мақсатында қолданылады.
Аудандағы ЖМБ пәндерін ағылшын тілінде оқытатын пән мұғалімдері, облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы тараптынан ұйымдастырылған «Инновациялық қадам» жобасы аясында аудандағы үштілде сабақ беретін ЖМБ пән мұғалімдерімен жоспар құрылып, әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілуде. Атап айтсақ, «ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел, «ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытуда тапсырмаларды түрлендіріп ұсыну» және «Үштілде білім беру жағдайында пән мен тілді кіріктіріп оқыту» тақырыптарында шебер сыныптар, «CLIL» әдісі бойынша жүргізілетін сабқтардың оқытылу барысын бақылау және әдістемелік қолдау көрсету мақсатында бірнеше ашық есік күндері ұйымдастырылып өткізілді.


Аудандағы үштілде сабақ беретін ЖМБ пән мұғалімдерімен жоспар құрылып, әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілуде. Атап айтар болсақ Жансүгіров атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі Муналбаева Жазира «Физикадан 8-сынып бойынша физикалық терминдерді үштілде әзірлеу түрлері» атты семинар сабақ, І.Жансүгіров атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Оспанбек Қуаныш «Интербелсенді презентация әзірлеу» тақырыбында таныстырылым жасады. Ассоциациясының жылдық жұмыс жоспары бойынша пән мұғалімдері арасында аудандық вебинар өткізілді. Вебинар барысында Матай орта мектебінің химия пәні мұғалімі Айғалиева Алия «Химия пәнінен өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру» тақырыбында шебер сынып, Қаракемер орта мектебінің биология пәні мұғалімі Алибаев Сакен «Биология сабағында жаңа форматтағы әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану» тақырыбында таныстырылым жасады.



Өткізілген аудандық және облыстық вебинарлар мұғалім тәжірибесін арттыруға өз көмегін тигізді. Әсіресе интернет ресурстарын қолдануға түрткі болды.
Матай орта мектебінің химия пәні мұғалімі Айғалиева Алия «Тиімді жоспарлау» тақырыбында таныстырылым жасады. Таныстырыым барысында ЖМБ пәндерін ағылшын тілінде оқытудың ерекшеліктеріне тоқталып, қалай тиімді жоспарлауға болатынын жеткізді