Жетісу облысы Білім басқармасының
"Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
Басты бет / Бөлім туралы

Қызмет

 

Жалпы білім беру ұйымдары арасында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады, оның дамытылуын сараптап, жоспарлайды, барлық деңгейдегі үздіксіз жалпы білім беруді қамтамасыз етеді, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырады, мемлекеттік стандарттың орындалуын бақылайды, сондай-ақ жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізеді, карантин жағдайындағы мектептер жұмысына бақылау жүргізеді, педагогтарға арналған семинарлар, вебинар өткізеді, білім беру үдерісіне озық педагогикалық тәжірибе мен инновациялық технологияларды енгізу, орта білім беру жүйесін цифрландыру және ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізеді.

  1. аймақтағы орта білімнің жағдайын анықтайды;
  2. орта білім беруді дамыту бойынша әдістемелік нұсқаулар мен ережелерді, басқару шешімдері, алқа шешімдерінің жобасы, іс-шаралар жоспарлары әзірлеуге қатысады, мәліметтерді жинайды және талдайды, мониторинг жүргізу арқылы құжаттардың орындалуын жүзеге асырады, білім беру ұйымдарына көшпелі сапарлар арқылы нақты көмек көрсетеді;
  3. білім беру мазмұнының мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкестігін бақылайды, жаңа технологиялық оқыту процесін жаңартуға ұмтылады;
  4. жалпы білім беретін мектептердің қызметін бағалау жүйесін құрайды, білім беру ұйымын аттестаттаудан өткізуге практикалық көмек көрсетеді;
  5. білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасында аудандық семинар-практикумдар, сонымен қатар оқушылар арасында байқаулар, шығармашылық көрмелер, әдеби оқулар өткізеді;
  6. орта мектептер мұғалімдерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша әдістемелік көмек көрсету;
  7. мектепке қабылдау және мектептен шығару бойынша жұмысты, мектеп түлектерінің ҰБТ қатысуын үйлестіреді, түлектердің жұмысқа орналасуын қадағалайды;
  8. білім беру ұйымдарында жалпы және арнайы пәндердің жүргізілуіне жетекшілік етеді;
  9. орта білім беру ұйымдарында оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын бақылайды, ажет болған жағдайда оқушылардың білім сапасын бақылайды және талдайды;
  10. оқушылардың білім сапасын арттыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізеді;
  11. карантиндік шаралар кезінде оқушылар біліміндегі олқылықтарды жою бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізеді.

 

 

Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан республикасы
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасы Президенті
Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы
Жетісу облысының әкімі
Жүнісов Даурен Хабдолданұлы
Жетісу облысының білім басқармасының басшысы
Нусипбеков Нурлан Турсынмамедович
Ақсу ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы
Кибер қауіпсіздік
Кибер қауіпсіздік
8 (7284) 03-23-27
Жетісу облысы, Аксу ауданы, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан к-сі, 5
© 2026 Жетісу облысы Білім басқармасының "Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі