«Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі»
Ерекше білім беруді қажет ететін мектеп оқушыларының біліммен қамтылуы
Аудан бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕББҚ) балалар саны – 115. Аталған санаттағы білім алушылардың сапалы білім алуы мен қоғамға бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарында тиісті жұмыстар жүргізілуде. ЕББҚ бар балалармен жұмыс жүргізетін арнайы мамандар құрамы төмендегідей: арнайы педагогтер – 9, логопедтер – 19, педагог-ассистенттер – 8. Бұл мамандар білім алушыларға кешенді түрде психологиялық-педагогикалық, түзете-дамыту көмектерін көрсетеді.