«Ақсу ауданының білім бөлімі» ММ-сі бойынша 24 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Оның ішінде мектептерде 13 көрсетілетін мемлекеттік қызмет бар. Атап айтсақ:
Осы аталған мемлекеттік қызмет бойынша 2022 жылдың 25 наурыз күндері ( «Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы орта мектеп –гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Жүрімбек Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Терібаев ат.о/м, Мамания ат.о/м) 5 мектеп бойынша зерделеу жұмысы жүргізілді.
Аталған мектептерде мемлекеттік қызмет бойынша стендтер бар, Мекемеде орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы барлық қажетті оргтехникамен (компьютер,принтер, сканер) қамамасыз етілген.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 202 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша, мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагогтерді және білім және ғылым саласындағы өзге де азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарында 7 қосымшада мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі көрсетілген:
1)өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) (иесіне қайтарылады);
3)білімі туралы диплом;
4) қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);
5) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат;
6) біліктілік санатын беру туралы куәлік және бұйрық (бұрын біліктілік санаты бар тұлғалар үшін);
7) Білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат;
8) ұлттық біліктілік тестілеуді өткізуге жауапты білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымы қызметкерінің қолымен бекітілген және мөрімен куәландырылған ұлттық біліктілік тестілеуден өткені туралы анықтама;
9) білім алушылардың/тәрбиеленушілердің (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерін, ПМПК педагогтерін қоспағанда) жетістіктерін растайтын құжаттар);
10) кәсіби жетістіктерді және тәжірибені қорытуды растайтын құжаттар;
11) оқуды/сабақтарды бақылау парақтары (ПМПК педагогтерінен басқа);
Алматы облысы әкімінің аппаратының 2020 жыл 29 сәуірдегі №07-16/7781/6339 хатының негізінде, білім беру мекемелеріндегі өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында міндетті түрде оргтехника (компьютер, принтер, сканер, Веб камералар, КАРТРИДЕР) және итернет жылдамдығын, гигиеналық тазалықты сақта құралдарымен қамтамасыз етілген.