Хабарландыру
КОНКУРС
«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі бос тұрған келесі мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары лауазымына тағайындау және орналастыру конкурсын жариялайды
1.«Алматы облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Абай атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шолақөзек бастауыш мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығын қосқанда» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;
Мекен-жайы: Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкжайдақ ауылы, А.Жиенбаев көшесі № 13 «А» үй.
2. «Алматы облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;
Мекен-жайы: Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қапал ауылы, Т.Бигелдинов көшесі № 9 үй.
3.«Алматы облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мәншүк Мәметова атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;
Мекен-жайы: Алматы облысы, Ақсу ауданы, Ащыбұлақ ауылы, Дубек Бейсенбаев көшесі № 21 «А» үй.
4.«Алматы облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарашілік орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;
Мекен-жайы: Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қарашілік ауылы, Кастекбаев көшесі №7 «А» үй.
5. «Алматы облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қаракемер орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры ;
Мекен-жайы: Алматы облысы, Ақсу ауданы, Алтынарық ауылы, Абай көшесі № 1 үй.
6. «Алматы облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қ. Мұқашев атындағы негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;
7.«Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№1 балалар музыкалық мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры;
Мекен-жайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, Хабибуллин көшесі № 9 үй.
8.«Алматы облысы білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп-лицейі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;
Мекен-жайы:Алматы облысы, Кеген ауылы, Б. Момышұлы көшесі, №13 үй.
9.«Алматы облысы білім басқармасының Райымбек ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қазыбек Шорманов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;
Мекен-жайы: Алматы облысы, Райымбек ауданы, Текес ауылы, Дембаев көшесі № 16 үй.
10.«Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Қызыларық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;
Мекен-жайы: Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұсабек ауылы, Тоққожа көшесі, №1 үй.
11.«Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Алғабас орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;
Мекен-жайы: Алматы облысы, Көксу ауданы, Алғабас ауылы, Б.Оңғаров көшесі, №38А.
12.«Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақын Қабан жырау атындағы мектеп жанындағы шағын орталығы бар орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;
Мекен –жайы: Алматы облысы, Көксу ауданы, Ақтекше ауылы, Жылқайдар Егінбаев көшесі, №31 үй.
13. «Алматы облысы білім басқармасының Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мұхамеджан Тынышбаев атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;
Мекен-жайы: Алматы облысы, Сарқан ауданы, Қарғалы ауылы, Ленин көшесі № 1 үй.
14. «Алматы облысы білім басқармасының Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «М. Жұмабаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;
Мекен-жайы: Алматы облысы, Сарқан ауданы, Қойлық ауылы, Макетов көшесі №94 үй.
15. «Алматы облысы білім басқармасының Панфилов ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Надек орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;
Мекен-жайы:Алматы облысы, Панфилов ауданы, Надек ауылы, Ходжамияров көшесі №14/1.
16.«Алматы облысы білім басқармасының Панфилов ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Розыбакиев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;
Мекен-жайы:Алматы облысы, Панфилов ауданы, Пенжім ауылы, Желтоқсан көшесі, №65 үй.
17.«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көктөбе орталау мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;
Мекен-жайы:Алматы облысы, Ескелді ауданы, Көктөбе ауылы, Мектеп көшесі, №19 үй.
18. «Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры;
Мекен-жайы: Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бура ауылы, Д.Қонаев көшесі, №16 үй.
19. «Алматы облысының білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бақанас мектеп-интернаты» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры;
Мекен-жайы: Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Байшиков көшесі, №5 «А» үй.
20.«Алматы облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;
Мекен-жайы:Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы, Б.Момышұлы № 106 үй.
21.Алматы облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Малайсары орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;
Мекен-жайы:Алматы облысы,Кербұлақ ауданы, Малайсары ауылы, Малайсары № 1 үй;
22.«Алматы облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қосағаш орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;
Мекен-жайы:Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қосағаш ауылы, Бейбітшілік № 10 үй.
23.«Алматы облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Д.Қонаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;
Мекен-жайы:Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы, Мәметова № 8 үй.
24.«Алматы облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарашоқы ауылындағы Балдәурен балалар шығармашылық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры;
Мекен-жайы:Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қарашоқы ауылы, Надбережный көшесі, № 1Б үй.
25.«Алматы облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «І.Есенберлин атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;
Мекен-жайы: Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Ақын Сара көшесі, №91 үй.
26.«Алматы облысы білім басқармасының Райымбек ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Текес ауылындағы балалар өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры;
Мекен-жайы: Алматы облысы, Райымбек ауданы, Текес ауылы, Қ.Шорманов көшесі, № 20 үй.
27.«Алматы облысы білім басқармасының Қапшағай қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ш. Уәлиханов атындағы №2 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;
Мекен-жайы:Алматы облысы, Қапшағай қаласы, 1 ықшам ауданы,
№44 құрылыс.
28.«Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ғ. Садвакасов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;
Мекен-жайы:Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Үлкен Ақсу ауылы, К. Юсупов көшесі№3 үй;
29.«Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үлкен ауылындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;
Мекен-жайы:Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үлкен ауылы, 5 ықшам ауданы №32 үй;.
30.«Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сұраншы батыр ауылындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;
Мекен-жайы:Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Сұраншы батыр ауылы, Жамбыл көшесі №20 Б үй.
31.«Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарасай негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;
Мекен-жайы:Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарасай ауылы, Т. Изенбаев көшесі №5үй.
Білім беру ұйымының басшысы лауазымына кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:
Жалпы білім беру ұйымдары үшін: бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім және басқа да кәсіптік білімі, немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат;
Педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы 2 жыл, және басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл;
Оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша: сарапшы немесе педагог - зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілігінің болуы.
Жалпы білім беру ұйымының басшысының лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады.
Педагогикалық кеңесті басқарады.
Мектептің жұмыс жоспарын, оқу-тәрбие жұмысы жоспарын, жұмыс оқу жоспарын, пән-мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бекітеді.
Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді.
Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді.
Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді.
Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді.
Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.
Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.
Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдау үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды.
Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды.
Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.
Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.
Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.
Педагогтердің біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады.
Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.
Педагогикалық этика бойынша кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады.
Өз құзыреті шегінде мектептің басқа да барлық қызметкерлеріне жаза қолданады.
Қоғаммен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен), қорғаншылық кеңесімен жұмысты үйлестіреді.
Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымдарына ұсынады, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.
Ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.
Өзіндік кәсіби дамуын қолға алады, оның ішінде менеджмент саласында. Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.
Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
Білім беру қызметін ұсыну сапасына жауап береді.
Лауазымдық айлықақы мөлшері: Жалпы білім беру ұйымының басшысының лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 104 235 теңгеден 200 653 теңгеге дейін.
Конкурсты өткізу күні мен орны:
Конкурс Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, №26 үй мекен-жайы бойынша өтеді.
Конкурсты өткізу күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес айқындалады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурсқа қатысуға өтінімдер хабарлама жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;
4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) біліктілік тестілеу сертификаты;
10) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;
11) түйіндеме.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 4), 5), 6) 7), 8) 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді. 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Байқаушының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.
Пошталық мекен – жайы: индекс:040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26 үй, 5 қабат, № 513 кабинет, анықтама телефоны: 8(7282) 32-94-16. Электрондық пошта: n.zheksembaeva@zhetysu.gov.kz.
Уақытша бос лауазымға конкурс өткізу кезінде бірінші басшының уақытша бос лауазымының мерзімі: 1. 02. 12. 2021ж.; 2. 06. 10. 2021ж.; 3. 10. 03. 2022ж.; 4. 10. 11. 2021ж.; 5. 17. 01. 2022ж.; 6. 01. 03. 2022ж; 7. 26.08.2021ж; 8. 18.10.2021ж; 9. 02.02.2021ж; 10.02.01.2022ж; 11.27.11.2021ж; 12.04.10.2021ж; 13. 10.09.2021ж; 14. 03.02.2022ж; 15. 01.09.2021ж; 16. 01.09.2021ж; 17. 09.10.2021ж; 18. 01.09.2021ж.; 19. 03.09.2021ж.; 20. 03.12.2021ж.; 21. 03.09.2019ж.; 22. 01.09.2021ж.; 23. 27.09.2021ж.; 24.17.06.2021ж.; 25. 02.02.2021ж; 26. 01.09.2021ж; 27.02.09.2021ж.; 28.10.09.2021ж.; 29. 01.09.2020ж., 30. 01.09.2021 ж.; 31.01.09.2021ж.; 32.23.02.2021ж; 33.01.09.2021ж.