«Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Жетісу облысы әкімдігінің білім саласындағы басшылықты жүзеге асыратын «Жетісу облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің аумақтық бөлімі болып табылады.
2. «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөр таңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
7. «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі 040100 Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі, № 5 А.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылтай құжаты болып табылады.
11. «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданын бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
12. «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Міндеттері:
1) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру, кешкі (ауысымдық) оқыту түрін қосқанда, қосымша білім беруді қамтамасыз ету;
2) мектеп, мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың материалды - техникалық базасын құру және нығайту, олардың инфрақұрылымын дамыту;
3) білім беру саласындағы әлеуметтік-экономикалық міндеттер кешенін және бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру;
4) білім беру жүйесін дамытуға ықпал ету, білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету;
5) ғылыми мекемелерімен білім беру саласында өзара іс-қимыл жасау;
6) он екі жылдық жалпы орта білім беруге көшу үшін жағдай жасау;
7) оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру;
14. Функциялары:
1) бөлімдері білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) кешкі (ауысымды) оқу нысанын қоса алғанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;
3) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен конкурстық негізде мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, қосымша білім беру) қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, орта білім алғанға дейін оларды оқытуды ұйымдастырады;
5) қолданыстағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерінің қажеттілігін айқындау;
6) облыстың жергілікті атқарушы органының бекітуіне білім басқармасы арқылы қолданыстағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін енгізеді;
7) облыстың жергілікті атқарушы органының бекітуіне білім басқармасы арқылы орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын енгізеді;
8) қолданыстағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;
9) мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;
10) тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
11) аудандық, қалалық деңгейлерде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
12) оқу-өндірістік комбинаттардың қызметін қамтамасыз етеді;
13) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыруға жәрдемдесу;
14) мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) және мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
15) жыл сайын 1 тамызға дейін мектепалды даярлықтың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, орта білім беру ұйымдарына оқу жылына білім беру органдары болжайтын көлемде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;
16) орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарының жалпы білімі беретін пәндері бойынша аудандық және қалалық мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;
17) аудандық (облыстық маңызы бар қала) ауқымдардағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға және мемлекеттік білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемінің кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;
18) әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету;
19) қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауданның, қаланың немесе облыстық маңызы бар қалалардағы білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшы қызметкерлерін аттестаттауды ұйымдастырады;
20) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауға және қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі жоспарды қалыптастырады;
21) мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
22) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, қалалардағы аудандарда, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;
24) тиісті кентте, ауылда, ауылдық округте мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастырады;
25) аудандардағы, қаладағы немесе облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы аудандардағы, астанадағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрлармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
26) білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз етеді;
27) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;
28) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсету;
29) білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
30) жетім балаларды, ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
31) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
32) білім беру ұйымдарында, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасайды;
33) мамандандырылған жалпы білім беретін, арнайы оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді қоспағанда, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі жөніндегі мәселелерді үйлестіреді;
34) ауданда білім беру бөлімінің құрылымын облыс басқармасына келісуге енгізеді және бекітеді;
35) тиісті шағын учаскесінің қажеттілігін негізге ала отырып, орта білім беру ұйымдарының жиынтық-сыныптарының санын, сондай-ақ мемлекеттік білім беру ұйымдарының тарификациялық тізімдерін, штат кестесін, жұмыс оқу жоспарларын (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, қосымша білім беру) келіседі;
36) ведомстволық бағынысты аумақта мектепке дейінгі, орта білім беру және қосымша білім беру мемлекеттік ұйымдарының бірінші басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тартады;
37) білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асырады.
15. Құқықтары мен міндеттері:
1) белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан (келісім бойынша) өз құзыретінің мәселесі бойынша ақпарат сұратуға және алуға;
2) мемлекеттік мекемесінің құзырына қатысты мәселелер бойынша қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-әрекетті іске асыруға;
3) білім беруді дамытуды әзірлеуге және іске асыруға қатысуға;
4) білім беру мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға;
5) ведомствоға қарасты ұйымдарды басқару мәселесі бойынша актілерді әзірлеуге, олардың іске асырылуын қамтамасыз етуге;
6) заңнамаға сәйкес бюджеттен қаржыландырылатын, ведомствоға қарасты ұйымдардың қызметі мен міндетті жұмыстар (қызметтер) көлемінің басым бағыттарын анықтайды;
7) ведомствоға қарасты ұйымдардың мәні мен қызметінің мақсаттарын анықтайды;
8) заңнамаға сәйкес ведомствоға қарасты ұйымдармен өндірілетін және босатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларына келісім береді;
9) ведомствоға қарасты ұйымдарды дамыту жоспарларының орындалуын қарастырады, келіседі, бекітеді, бақылау жасайды, талдау жүргізеді және олардың орындалуы бойынша есеп береді;
10) ведомствоға қарасты ұйымдардың мүліктерін пайдалануға және сақтауға бақылау жасайды;
11) заңнамаға сәйкес ведомствоға қарасты ұйымдардың мүліктерін қайтарып алуға немесе қайта бөлуге келісім береді;
12) Мемлекеттік мекемесінің функцияларына қатысты істер бойынша соттарда қуынушы, жауапкер, куәгер ретінде дербес немесе өкіл арқылы талап қоюға және сөз сөйлеуге;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға.
Өз өкілеттіктерін орындау үшін атқарушы органдарымен, ұйымдарымен және мекемелерімен өзара әрекет етеді.
3-тарау. Қызметін ұйымдастыру
1. «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
2. «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
3. «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
4. «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттігі (Бөлім):
1) Бөлім жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;
2) Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;
3) Бөлім қызметкерлерін заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) белгіленген заңнама тәртібінде Бөлім қызметкерлерін мадақтайды және тәртіптік жаза қолданады;
5) Бөлімнің барлық қызметкерлеріне қатысты бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
6) органдар мен өзге де ұйымдарда Бөлімді ұсынады;
«Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4-тарау. Мемлекеттік органның аумақтық органының мүлкі
1. «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген, мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
2. «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
3. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Қайта ұйымдастыру және тарату
1. «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Жетісу облысы Білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізімі:
1) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
2) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы орта мектеп – гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жүрімбек Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі, мектеп жанындағы интернатымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мамания орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қызылжар бастауыш мектебін қосқанда;
7) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ғали Орманов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жансүгіров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Матай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
10) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Төлеген Тоқтаров атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Кеңжыра орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
12) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бижарас Садырбайұлы атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
13) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жаңатілеу орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
14) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қуат Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
15) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Абай атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шолақөзек бастауыш мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығын қосқанда;
16) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шоқан Уалиханов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
17) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қаракемер орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
18) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
19) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
20) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Нұрсұлтан Есеболатов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ГЭС бастауыш мектебін қосқанда;
21) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Құдаш Мұқашев атындағы негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
22) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Юрий Гагарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Баласаз, Ақтөбе бастауыш мектептерін қосқанда;
23) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есболған Жайсанбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
24) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көшкентал орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
25) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Егінсу орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
26) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Алажиде негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
27) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарашілік орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
28) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мәншүк Мәметова атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
29) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мұхтар Әуезов атындағы негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
30) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Кеңғарын орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
31) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көлтабан негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
32) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Тарас негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
33) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қызылағаш негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
34) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарасу негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
35) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сағакүрес негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
36) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қызылқайың бастауыш мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
37) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сағабүйен балалар саз мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
38) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Исатай Исабаев атындағы «Өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
39) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарлығаш бөбек жай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
40) «Жетісу облысы Білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бөбек балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
41) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ай - Жұлдыз бөбек жай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
42) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Кәусар бөбек жай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
43) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Нұршуақ балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
44) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Таң - Шолпаным балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
45) «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Күншуақ балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;