Жетісу облысы Білім басқармасының
"Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
Басты бет / Ашық мекеме / Мемлекеттік қызметтер

«Ақсу ауданының білім бөлімі» ММ-сі бойынша 24  мемлекеттік қызмет көрсетіледі.  Оның ішінде мектептерде 13 көрсетілетін  мемлекеттік  қызмет бар. Атап айтсақ:

  1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау
  2. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау
  3. Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну
  4. Негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру
  5. Балаларды жалпы білім беретін оқу орындарының арасында ауыстыру үшін құжаттар қабылдау
  6. Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру
  7. Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру
  8. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою
  9. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау
  10. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арасында балалардың ауысуы немесе ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау
  11. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру
  12. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдау
  13. Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау

 

Осы аталған мемлекеттік қызмет бойынша 2022 жылдың 25 наурыз күндері ( «Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы орта мектеп –гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Жүрімбек Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Терібаев ат.о/м, Мамания ат.о/м) 5 мектеп бойынша зерделеу жұмысы жүргізілді.

Аталған мектептерде мемлекеттік қызмет бойынша стендтер бар, Мекемеде орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы барлық қажетті оргтехникамен (компьютер,принтер, сканер)  қамамасыз етілген.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 202 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша, мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагогтерді және білім және ғылым саласындағы өзге де азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарында 7 қосымшада мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі көрсетілген:

1)өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап  етіледі) (иесіне қайтарылады);
3)білімі туралы диплом;
4) қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);
5) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат;
6) біліктілік санатын беру туралы куәлік және бұйрық (бұрын біліктілік санаты бар тұлғалар үшін);
7) Білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат;
8) ұлттық біліктілік тестілеуді өткізуге жауапты білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымы қызметкерінің қолымен бекітілген және мөрімен куәландырылған ұлттық біліктілік тестілеуден өткені туралы анықтама;
9) білім алушылардың/тәрбиеленушілердің (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерін, ПМПК педагогтерін қоспағанда) жетістіктерін растайтын құжаттар);
10) кәсіби жетістіктерді және тәжірибені қорытуды растайтын құжаттар;
11) оқуды/сабақтарды бақылау парақтары (ПМПК педагогтерінен басқа);

     Алматы облысы әкімінің аппаратының 2020 жыл 29 сәуірдегі №07-16/7781/6339 хатының негізінде, білім беру мекемелеріндегі өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында міндетті түрде оргтехника (компьютер, принтер, сканер, Веб камералар, КАРТРИДЕР) және итернет жылдамдығын, гигиеналық тазалықты сақта құралдарымен қамтамасыз етілген.

 

Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан республикасы
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасы Президенті
Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы
Жетісу облысының әкімі
Жүнісов Даурен Хабдолданұлы
Жетісу облысының білім басқармасының басшысы
Нусипбеков Нурлан Турсынмамедович
Ақсу ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы
Кибер қауіпсіздік
Кибер қауіпсіздік
8 (7284) 03-23-27
Жетісу облысы, Аксу ауданы, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан к-сі, 5
© 2026 Жетісу облысы Білім басқармасының "Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі