Жетісу облысы білім беру басқармасының
Ақсу ауданы бойынша білім бөлімінің 2025 -2026 оқу жылының 2-ші жартыжылдықта
ақпараттандыру бойынша атқарылған жұмыстары туралы
Аудан бойынша 4 интернет провайдерімен келісім шарт жасалды. Олар: Қазақтелеком, ИП Zhetysu-WLL, Транстелеком және пилоттық жобамен «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамы (Старлинк) компаниясымен жұмыс жасалуда.
1. Қазақтелеком 17 мектеп
15 мектеп кеңжолақты оптикалық талшықты интернетке, 12 мектеп радиомостпен, 5 мектеп старлинкпен интернетке қосылып отыр.
Жаңа модификациялық кабинеттер: физика – 14, химия – 13, биология – 9, ЛМК –6, робототехника – 5, STEM – 7, IT – 3. Барлығы –57 кабинет бар.
2025 жылы 7 жаңа модификациялық кабинет алынды
2026 жылы 6 жаңа модификациялық кабинетпен жабдықталды
Компьютерлік техника: Аудан бойынша барлық компьютерлік техника саны-2961, оның ішінде дербес компьютер-593, нетбук-95, моноблок-99, ноутбук саны-2174.
2025 жылы сатып алынғаны 39 моноблок, есептен шығарылған компьютерлік техника саны-883.
Аудан бойынша 32 мектеп BILIMCLASS электронды күнделік жүйесімен жұмыс атқаруда, сонымен қатар BILIMLAND, TOPIQ, Tesster.kz цифрлық платформаларын білім беруде ресурс ретінде пайдалануда.